ҚФФ 2026/27 маусымға клубтарды лицензиялау жұмыстарын жүргізді
Лицензиялау жүйесі қатысушылардан бірнеше бағыт бойынша ақпарат ұсынуды талап етеді. Бұл мәліметтер лицензия беру туралы шешім қабылдау кезінде пайдаланылады. Сонымен қатар клубтарды спорттық, инфрақұрылымдық, әлеуметтік, құқықтық, кадрлық, әкімшілік және қаржылық критерийлер бойынша салыстырмалы түрде талдауға мүмкіндік береді.
Келесі маусымға лицензиялау процесіне қатысуға әлеуетті үміткерлердің барлығы өтінім берді. Үміткерлер санының әлеуетті үміткерлердің жалпы санына арақатынасы 100%-ды құрады.
Бұдан бөлек, ерлер арасында «Қайрат», «Астана», «Тобыл» және «Елімай» футбол клубтары УЕФА лицензиясын алды. Әйелдер клубтары арасында УЕФА лицензиясына «Ақтөбе» әйелдер футбол клубы ие болды.
Талдау қорытындысымен қойылған әр талаптың орындалу деңгейі де әр түрлі екенін анықталды. Ең жоғары нәтиже инфрақұрылымдық талаптар, стадионға қойылатын талаптар, әлеуметтік-экологиялық тұрақтылық және құқықтық критерийлер бойынша көрсетілді.
Сондай-ақ құжатта соңғы маусымдардағы қаржылық, әкімшілік-кадрлық, инфрақұрылымдық және спорттық талаптардың динамикасы жеке көрсетілген.
Қаржылық блокта клубтардың активтері мен міндеттемелерінің түрлері, трансферлік қызметке жұмсалған шығындар, сондай-ақ пайда мен залал көрсеткіштерінің динамикасы талданды. Бұдан бөлек, стадиондардың ұйымдық-құқықтық нысаны, инфрақұрылымдық көрсеткіштері және матчтарға келушілер саны қамтылған жеке бөлім ұсынылған.
Талдау деректеріне сәйкес, клубтар пайдаланатын стадиондардың 85%-ы мемлекеттік меншікте, ал 15%-ы клубтардың меншігіндегі нысандар саналады.
Клубтардың ұйымдық-құқықтық нысандары арасында жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, қорлар, акционерлік қоғамдар, жекеменшік мекемелер және мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар бар.
Құжатта клубтардың бас бапкерлерінің жасы да көрсетілген. 2026/27 маусымында 13 бас бапкердің жасы - 36-дан 60 жасқа дейін.
Матчтарға көрермендердің қатысуы
2026 жылғы Қазақстан Премьер-лигасы матчтарында клубтардың өз алаңындағы ойындарына көрермендердің келуі
|
№ |
ФК |
Стадион сыйымдылығы |
Орташа көрермен саны |
Көрерменнің жалпы саны |
|
1 |
«Астана» |
30 000 |
8 593 |
94 520 |
|
2 |
«Ақтөбе» |
12 621 |
10 291 |
113 200 |
|
3 |
«Тобыл» |
8 285 |
3 870 |
38 700 |
|
4 |
«Қайрат» |
23 804 |
6 567 |
59 106 |
|
5 |
«Елімай» |
8 445 |
6 553 |
72 080 |
|
6 |
«Ордабасы» |
17 500 |
5 818 |
64 000 |
|
7 |
«Жетісу» |
5 555 |
2 350 |
23 500 |
|
8 |
«Жеңіс» |
30 000 |
4 920 |
68 900 |
|
9 |
«Қайсар» |
11 000 |
8 672 |
112 736 |
|
10 |
«Атырау» |
7 000 |
1 008 |
13 104 |
|
11 |
«Ұлытау» |
6 000 |
2 995 |
38 935 |
|
12 |
«Қызылжар» |
7 870 |
3 624 |
47 112 |
|
13 |
«Оқжетпес» |
4 158 |
3 571 |
46 423 |
|
Барлығы |
|
130 121 |
74 641 |
856 216 |
2026/27 маусымындағы УЕФА жарыстарының іріктеу кезеңіндегі клубтардың өз алаңындағы матчтарына көрермендердің қатысуы
|
№ |
ФК |
Стадион сыйымдылығы |
Орташа көрермен саны |
Көрерменнің жалпы саны |
|
1 |
«Астана» |
30 000 |
15 270 |
15 270 |
|
2 |
«Тобыл» |
8 285 |
5 837 |
5 837 |
|
3 |
«Қайрат» |
23 804 |
23 804 |
47 608 |
|
4 |
«Елімай» |
8 445 |
8 445 |
8 445 |
|
Барлығы |
|
62 249 |
53 356 |
77 160 |