ҚАЗАҚСТАН U-17 ЖАСТАР ҚҰРАМАСЫ ЖОЛДАСТЫҚ МАТЧТА ӨЗБЕКСТАНДЫ ЖЕҢДІ

ҚАЗАҚСТАН U-17 ЖАСТАР ҚҰРАМАСЫ ЖОЛДАСТЫҚ МАТЧТА ӨЗБЕКСТАНДЫ ЖЕҢДІ

25 қыркүйек 2026, 18:38
ҚАЗАҚСТАН U-17 ЖАСТАР ҚҰРАМАСЫ ЖОЛДАСТЫҚ МАТЧТА ӨЗБЕКСТАНДЫ ЖЕҢДІ
Шымкентте Қазақстан мен Өзбекстанның жасөспірімдер құрамалары арасындағы алғашқы жолдастық кездесу аяқталды.

Матчтың негізгі уақыты 4:4 есебімен тең аяқталды. Қазақстан құрамасы сапында Сәлім Хасанов гол соқса, Ануар Төленді хет-трик авторы атанды.

Жеңімпаз матчтан кейінгі пенальти сериясында анықталды. Бұл кезеңде Русланжан Раимбакиев шәкірттері 5:4 есебімен жеңіске жетті.

Командалар арасындағы екінші кездесу 28 қыркүйекте өтеді.

Қазақстан U-17 - Өзбекстан U-17 - 4:4 (3:2)

Гол авторлары: Төленді 18, 26, 50; Хасанов  30 - Ачилов 3; Ахилбаев (автогол) 36; Холмаматов 72; Саматов 85.

Қазақстан U-17: Заманбек (қ), Турищев, Байменов, Әбді (к), Плачинда, Ахилбаев, Бапищев, Бижанов, Хасанов, Төленді, Шалыгин.

Қосалқы құрам: Сұлтанғазы (қ), Черноморец, Гречка, Сарсымбаев, Датхабаев, Заречный, Каси, Сапархан, Ибаділдә, Сұлтаниязов, Оспанов, Вдовин, Садырбаев, Сәлімов, Рашидов.

Өзбекстан U-17: Бердиев (қ), Эркинжонов (к), Бобиров, Шухратиллаев, Бахтиеров, Рузимуродов, Уралов Хусан, Маматов, Уралов Хасан, Ачилов, Холмаматов.

Қосалқы құрам: Бахриддинов (қ), Одилов, Зулфикоров, Абдурахимов, Уктамов, Акбараллиев, Туракулов, Шукуров, Усканбоев, Андреев, Аюпов, Саматов, Баходиров.

25 қыркүйек 2026 жыл. Шымкент, «БИІК» стадионы.

 

Бөлісу

Жаңалықтар

24 қыр., 23:54
Жоғары
Jankúier қосымшасы