Қазақстан жастар құрамасы Еуропа чемпионатының іріктеуінде Англияға есе жіберді

Қазақстан жастар құрамасы Еуропа чемпионатының іріктеуінде Англияға есе жіберді

26 қыркүйек 2026, 05:10
Қазақстан жастар құрамасы Еуропа чемпионатының іріктеуінде Англияға есе жіберді
Вулверхэмптон қаласында 2027 жылғы жастар арасындағы Еуропа чемпионатының іріктеу матчында Англия мен Қазақстан құрамалары кездесті.

Ойын «Молинью» стадионында өтті.

Есеп 3-минутта ашылды. Мирас Оматай бұрыштамадан көтерген допты Артем Литош қақпаға дәл бағыттап, Қазақстан құрамасын алға шығарды.

Бірінші таймның ортасында ағылшындар екі гол соқты. Алдымен Али Турганов допты өз қақпасына енгізіп алды. Кейін Франк Ачимпонг допты қақпаның алыс бұрышына дәл теуіп, алаң иелерін алға шығарды.

Үзіліске дейін Владимир Чебурин шәкірттері есепті теңестірді. Сағи Маликайдар допты ауттан ойынға қосқан соң, Ян Труманов оны баспен Сэйф Поповқа тастады. Попов допты қақпаға бағыттап, есепті 2:2 етті.

Екінші таймда Англия құрамасы тағы екі гол соғып, 4:2 есебімен жеңіске жетті.

Қазақстан жастар құрамасы келесі матчын 29 қыркүйекте Корк қаласында Ирландияға қарсы өткізеді.

Англия U-21 – Қазақстан U-21 – 4:2 (2:2)

Голдар: Тұрғанов 26 (автогол), Ачимпонг 32, Аллейн 60, Ланкшир 90+1 – Литош 3, Попов 43

Ескертулер: Нванери 41, Ланкшир 90 – Байбек 59

Англия U-21: Бидл (қ), Муфи, Аллейн, Ачимпонг, Льюис, Кинг (Диблинг 79), Беллингем (к), Грей (Пек 69), Нванери (Амо-Амеяу 69), Мубама (Ланкшир 69), Гиттенс (Джордж 39);

Қосалқы құрам: Сетфорд (қ), Филлипс, Майли, Козьер-Дюберри.

Аға бапкер: Ли Карсли.

Қазақстан U-21: Рихард (қ), Кәрімов, Тұрғанов, Асқаров (к), Мәлікайдар, Байбек (Мұхаметханов 65), Нұрымбет, Оматай (Жұмабеков 75), Труфанов (Абраев 71), Литош (Бірқұрманов 65), Попов (Тоқтыбай 71);

Қосалқы құрам: Қалмұрза (қ), Губарев, Иванов, Абиш.

Аға бапкер: Владимир Чебурин.

Төрешілер: Матео Тозан, Мануэл Видали, Юре Ямник, Жан Язбец (бәрі – Словения).

25.09.2026. «Молинье», Вулверхэмптон, Англия.

Бөлісу
Жоғары
Jankúier қосымшасы