Джон ван ’т Шкип: «Фарер аралдарынан сырт алаңда бір ұпай алу - жақсы бастама»

Джон ван ’т Шкип: «Фарер аралдарынан сырт алаңда бір ұпай алу - жақсы бастама»

27 қыркүйек 2026, 00:13
Джон ван ’т Шкип: «Фарер аралдарынан сырт алаңда бір ұпай алу - жақсы бастама»
Қазақстан құрамасының бас бапкері Джон ван ’т Шкип УЕФА Ұлттар лигасының 2026/27 жылғы маусымындағы алғашқы турда Фарер аралдарына қарсы өткен ойынның қорытындысын бағалады. Кездесу 1:1 есебімен аяқталған.

«15 минуттан кейін гол жіберіп алғанымызды ескерсек, бұл нәтижемен келісуге болады деп ойлаймын. Содан кейін 1:1 есебін жасадық. Қорғаушы Темірлан Ерлановтың голы өте жақсы болды. Бауыржанның жақсы бұрыштама добынан кейін өте жақсы баспен соқты.

Ойын бірде біз жаққа, бірде олар жаққа ауысып отырды. Доп бізде көбірек болды. Ал олар тіке шабуылдарда сәл қауіптілеу көрінді. Бірақ бізде де есепті 2:1-ге жеткізуге жақсы мүмкіндік болды. Ал Янның соққысы қақпа бағанына тиіп кетті.

Біз ойын бойы жинақы болдық. Қажет кезде қорғана білдік. Жалпы, жіберіп алған голды есептемегенде, қорғаныста жақсы ойнадық, 

Екінші таймда Фарердің соққысынан кейін де сондай мүмкіндік болды, бірақ бұл жолы доп қақпадан сыртқа кетті.

Жалпы, ойын бойы назарымызды жоғалтпай, команда болып қорғана алдық деп ойлаймын. Бұл жерден бір ұпай алып қайту - біз үшін жақсы бастама», - деді Джон ван ’т Шкип.

Бөлісу
Жоғары
Jankúier қосымшасы