Қазақстан U-17 жасөспірімдер құрамасы екінші жолдастық ойында Өзбекстанға есе жіберді

Қазақстан U-17 жасөспірімдер құрамасы екінші жолдастық ойында Өзбекстанға есе жіберді

28 қыркүйек 2026, 19:30
Қазақстан U-17 жасөспірімдер құрамасы екінші жолдастық ойында Өзбекстанға есе жіберді
Шымкентте Қазақстан мен Өзбекстан U-17 жасөспірімдер құрамалары арасындағы екінші жолдастық кездесу аяқталды.

Бірінші ойындағы пенальти сериясындағы жеңістен кейін, Русланжан Раимбакиевтің шәкірттері екінші кездесуде пенальти сериясында 4:3 есебімен қарсыласқа жол берді. Матчтың негізгі уақыты 3:3 есебімен тең аяқталды. Біздің құрама сапынан голдарды Әнуар Төленді, Роман Черноморец және Әли Садырбаев өз еншісіне жазды.

Алда Қазақстан U-17 жасөспірімдер құрамасын Ресей құрамасына қарсы екі жолдастық матч күтіп тұр. Ойындар 2 және 5 қазан күндері өтеді.

Қазақстан U-17 – Өзбекстан U-17 – 3:3 (1:2)

Голдар: Төленді 25, Черноморец 55, Садырбаев 73 – Бахтиёров 28, 35, Эркинжонов 80

Ескертулер: Салимов 82 – Ачилов 35, Абдурахимов 80

Қазақстан U-17: Ковальчук (Қ), Датхабаев, Рашидов, Әбди (К), Гречка, Ақылбаев, Салимов, Заречный, Төленді, Хасанов, Черноморец.

Қосалқы құрам: Заманбек (Қ), Солтанғазы (Қ), Турищев, Байменов, Плачинда, Бәпішев, Шалыгин, Қаси, Сарсымбаев, Оспанов, Вдовин, Садырбаев, Ибаділдә.

Өзбекстан U-17: Бахриддинов (Қ), Зулфиқоров, Рузимуродов, Холмаматов, Ачилов, Хус. Уралов, Хас. Уралов, Усманбоев, Маматов, Бахтиёров, Эркинжонов (К).

Қосалқы құрам: Одилов, Баходиров, Абдурахимов, Туракулов, Акбаралиев, Шукуров, Саматов, Бердиев (Қ), Бобиров, Шухратиллаев, Андреев, Аюпов (Қ), Уктамов.

28.09.2026. «Намыс» стадионы, Шымкент.

Бөлісу
Жоғары
Jankúier қосымшасы