АСТАНАДА ПРЕМЬЕР-ЛИГА ТӨРЕШІЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН КЕЗЕКТІ СЕМИНАР ӨТТІ

АСТАНАДА ПРЕМЬЕР-ЛИГА ТӨРЕШІЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН КЕЗЕКТІ СЕМИНАР ӨТТІ

29 қыркүйек 2026, 14:01
АСТАНАДА ПРЕМЬЕР-ЛИГА ТӨРЕШІЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН КЕЗЕКТІ СЕМИНАР ӨТТІ
Астанада ҚПЛ матчтарына қызмет көрсететін төрешілер мен VAR мамандарына арналған семинар аяқталды. Іс-шара төрешілерді Қазақстан Премьер-лигасы маусымының шешуші кезеңіне дайындау аясында ұйымдастырылды.

Семинарға 26 маман қатысты. Бағдарлама дәстүрлі фитнес-тесттен басталып, төрешілердің жоғары деңгейдегі матчтарды өткізуге физикалық дайындығы бағаланды. Одан кейін қатысушылар ойын ережелері бойынша тест тапсырып, теориялық білім деңгейін көрсетті.

Семинардың негізгі бөлігі теориялық сабақтар мен топтық жұмыстарға арналды. Төрешілер мен VAR мамандары Премьер-лига, Бірінші және Екінші лига матчтарындағы ойын эпизодтарын талдады. Бұл формат төрешілік шешімдердің бірізділігі мен біркелкілігін арттыруға бағытталған.

Семинар қорытындысында төрешілер мен VAR мамандары қосымша теориялық және практикалық дайындықтан өтіп, чемпионаттың шешуші турларында алған білімдерін қолдануға дайын екенін танытты.

Бөлісу
Жоғары
Jankúier қосымшасы