Қазақстан құрамасы УЕФА Ұлттар лигасының матчында Словакияға есе жіберді

Қазақстан құрамасы УЕФА Ұлттар лигасының матчында Словакияға есе жіберді

30 қыркүйек 2026, 01:38
Қазақстан құрамасы УЕФА Ұлттар лигасының матчында Словакияға есе жіберді
Қазақстан ұлттық құрамасы 2026-27 жылғы УЕФА Ұлттар лигасының екінші турында Словакия командасына қарсы матч өткізді. Кездесу 2:1 есебімен алаң иелерінің жеңісімен аяқталды.

Ойын Словакияның Кошице қаласындағы «Кошице футбол аренасында» өтті. 26-минутта Словакия құрамасының ойыншысы Лео Сауэр есеп ашты. 35-минутта Рамазан Кәрімовтің дәл соққысының арқасында Қазақстан құрамасы таразы басын теңестірді. Матч тағдыры ойын соңында шешілді: 82-минутта Ондрей Дуданың пасынан кейін Давид Ганцко Қазақстан құрамасының қақпасына жеңіс голын соқты.

Словакия – Қазақстан – 2:1

Голдар: Сауэр 26, Ганцко 82 – Кәрімов 35

Ескертулер: Стрелец 28, Вальент 69 – Кәрімов 6, Қуат 43

Словакия: Дубравка (Қ), Ганцко, Шкриниар (К), Оберт, Вальент (Дюриш 90+1), Дуда, Лоботка, Суслов (Риго 90+1), Сауэр (Бобчек 66), Гараслин (Шранц 75), Стрелец (Боженик 75);

Қосалқы құрам: Грейф (Қ), Суровчик (Қ), Месик, Вавро, Шатка, Покорны, Капралик;

Бас бапкер: Владимир Вайсс.

Қазақстан: Покатилов (Қ), Жагоров, Әліп (К), Ерланов, Әшірбек (Астанов 86), Қараман, Қуат (Қасаболат 72), Әмір (Оразов 60), Бекболат (Мрынский 46), Басманов (Кенжебек 60), Кәрімов;

Қосалқы құрам: Анарбеков (Қ), Заруцкий (Қ), Вороговский, Малый, Жуков, Тұяқбаев, Шушеначев;

Бас бапкер: Джон ван ’т Шкип.

Төрешілер: Патрик Коларич, Лука Паич, Иван Старчевич, Иван Вуканчич (бәрі – Хорватия);

VAR: Марио Зебец (Хорватия)

VAR ассистенті: Иван Матич (Хорватия).

29 қыркүйек, 2026 жыл. «Кошице футбол аренасы», Кошице, Словакия.

Бөлісу
Жоғары
Jankúier қосымшасы