Қазақстан U-21 құрамасы Ирландияда нәтижелі матч өткізді

Қазақстан U-21 құрамасы Ирландияда нәтижелі матч өткізді

30 қыркүйек 2026, 00:21
Қазақстан U-21 құрамасы Ирландияда нәтижелі матч өткізді
Ойын тағдырын матч соңында белгіленген пенальти шешті.

Қазақстан жастар құрамасы 2027 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Ирландия құрамасына қарсы сырт алаңда ойын өткізді.

Кездесу Корк қаласында өтіп, алаң иелерінің 4:3 есебіндегі жеңісімен аяқталды.

Қазақстандықтар ойынның алғашқы минутынан-ақ есеп ашты. Артем Литош айып алаңында допқа ие болып, қарсылас қақпасын дәл көздеді – 0:1.

Бірінші таймның ортасында ирландиялықтар ойын барысын өзгерте алды. 21-минутта алаң иелері есепті теңестірсе, араға сегіз минут салып екінші голын соқты – 2:1.

38-минутта Қазақстан құрамасы таразы басын қайта теңестірді. Артем Литоштың пасынан кейін Рамазан Кәрімов алыстан дәл соққы жасап, допты қақпа бұрышына бағыттады – 2:2. Осы есептен кейін командалар үзіліске кетті.

Екінші тайм басында алаң иелері тағы да алға шықты. Стандартты жағдайдан кейін Әли Тұрғановтан кері қайтқан доп Қазақстан құрамасының қақпасына кірді – 3:2.

Алайда араға төрт минут салып қазақстандықтар есепті қайта теңестірді. Ауттан доп ойынға қосылғаннан кейінгі шабуылда капитан Сұлтан Асқаровқа доп келіп, ол допты қақпаға бағыттады – 3:3.

Кездесу тағдыры ойын соңында шешілді. Қарсылас шабуылшысы қақпашымен бетпе-бет шыққан сәтте Шерхан Қалмырза ереже бұзып, қақпаны құтқаруға тырысты. Нәтижесінде төреші пенальти белгіледі. Қазақстан жастар құрамасының қақпашысы он бір метрлік айып добын қайтара алмады – 4:3.

Қазақстан жастар құрамасы келесі ойынын 6 қазанда Молдоваға қарсы өткізеді. Кездесу Ниспорен қаласындағы «Орталық» стадионда өтеді.

Ирландия – Қазақстан – 4:3 (2:2)

Голдар: Мерфи 21, Маллинс 29, Тұрғанов 48 (автогол), Лонерган 86 (пенальти) – Литош 1, Кәрімов 38, Асқаров 52

Ескертулер: Кертис 44, Коне-Догерти 73 – Труфанов 49, Оматай 50, Кәрімов 83, Қалмұрза 85, Тоқтыбай 88, Литош 90

Қызыл қағаз: Литош 90+5 (екінші ескерту)

Ирландия U-21: Жони (қ), Кертис (Липсюк 70), Маккарти, Грехан (к) (Айинде 81), Мерфи, Финнеран (Нунан 81), Девани, Коне-Догерти, Маллинс, Бреннан (Акачукву 70), Лонерган (Окагбуэ 87);

Қосалқы құрам: Уолш (қ), Макдоннелл, Макмахон Браун, Галлахер;

Аға бапкер: Джеймс Крауфорд.

Қазақстан U-21: Қалмұрза (қ), Кәрімов, Тұрғанов, Асқаров (к), Мәлікайдар, Мұхаметханов (Жұмабеков 77), Нұрымбет, Оматай (Әбіш 66), Труфанов (Бірқұрманов 77), Литош, Попов (Тоқтыбай 66);

Қосалқы құрам: Рихард (қ), Губарев, Иванов, Абраев, Әнуаров.

Аға бапкер: Владимир Чебурин.

Төрешілер: Лоик Тома, Рафаэл Морим, Джонни Сантуш, Ясмин Суботич (бәрі – Люксембург)

29.09.2026. «Тернерз Кросс», Корк, Ирландия.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары
Jankúier қосымшасы