Қазақстан U-17 құрамасы жолдастық ойында Ресейге есе жіберді
Матчтың негізгі уақыты 2:2 есебімен тең аяқталды. Қазақстан құрамасы сапынан голдарды Салим Хасанов пен Әнуар Төленді өз еншісіне жазды.
Ойын жеңімпазы матчтан кейінгі пенальти сериясында анықталып, онда Ресей құрамасының футболшылары басым түсті – 7:6.
Командалар арасындағы екінші ойын 5 қазан күні өтеді.
Қазақстан U-17 – Ресей U-17 – 2:2 (1:1), пен. 6:7
Голдар: Хасанов 34, Төленді 60 – Кузьмин 10, Мудранов 70
Қазақстан U-17: Ковальчук (Қ), Датхабаев, Рашидов, Әбди (К), Плачинда, Садырбаев, Салимов, Заречный, Хасанов, Черноморец, Төленді.
Қосалқы құрам: Заманбек (Қ), Солтанғазы (Қ), Турищев, Байменов, Гречка, Бәпішев, Шалыгин, Қаси, Сарсымбаев, Оспанов, Вдовин, Ахилбаев, Ибаділдә.
Ресей U-17: Трофимов (Қ), Богатиков, Торини, Мудранов, Иванов, Банников, Кузьмин, Мелехин, Мазманян, Калинин (К), Сафронов.
Қосалқы құрам: Горислов (Қ), Крылов, Потапов, Капшученко, Брагинец, Болгаров, Коледов, Суродин, Лагту, Акопьян, Гавриленко, Мастерной.
02.10.2026. «Намыс» стадионы, Шымкент.