Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының өз алаңындағы матчында Молдоваға есе жіберді
Қонақтар 2:1 есебімен жеңіске жетті. Қазақстан құрамасы сапындағы жалғыз голды 64-минутта Нұралы Әліп соқты.
Қазақстан құрамасы келесі матчын 6 қазан күні өз алаңында Фарер аралдарына қарсы өткізеді.
Қазақстан – Молдова – 1:2
Голдар: Әліп 64 – Клещенко 45+1, Попеску 50
Ескертулер: Кенжебек 80, Вороговский 89
Қазақстан: Заруцкий (Қ) – Вороговский, Әліп, Ерланов (Малый 74), Мрынский (Жагоров 66) – Қараман, Оразов (Тапалов 46), Исламхан – Астанов (Тұяқбаев 46), Кенжебек, Кәрімов (Шушеначев 59);
Қосалқы құрам: Анарбеков (Қ), Шайзада (Қ) – Қасым, Қасаболат – Жуков – Басманов, Әмір;
Бас бапкер: Джон ван ’т Шкип.
Молдова: Челядник (Қ) − Рябчук (Штефан 75), Герасименков, Йову (К), Бабогло, Ревенко (Давид 86) − Перчун, Рацэ (Думбрэвану 86), Фратя (Моцпан 46) − Попеску, Клещенко (Стынэ 59);
Қосалқы құрам: Тымбур (Қ), Кожухарь (Қ) − Кожокарь, Кукош − Бодиштяну, Форов − Мандрыченко;
Бас бапкер: Лилиан Попеску.
Төреші: Мариан Барбу;
Төрешінің көмекшілері: Мирча Григориу, Имре Бучи;
Төртінші төреші: Джордже Роман;
VAR: Адриан Кострейе;
VAR ассистенті: Андрей Кивулете (барлығы – Румыния).
2 қазан, 2026 жыл – 19:00. «Астана Арена», Астана. 20 119 көрермен.