Футзалдан Қазақстан құрамасы Астанада Беларусьті жеңді
20 қазан 2026, 21:44
Астанада өткен кездесуде қазақстандықтар қарсыласын 5:4 есебімен жеңді. Эдсон хет-трик авторы атанса, Альберт Ақбалықов пен Игита Беларусь құрамасының қақпасына бір-бір голдан соқты.
Какау шәкірттері келесі матчын сырт алаңда Беларусь құрамасына қарсы өткізеді. Ойын 11 қарашада Словакияда өтеді.
Қазақстан – Беларусь – 5:4
Голдар: Ақбалықов 9 (П), Эдсон 10, Эдсон 14, Эдсон 28, Игита 34 – Крикун 4, Батурин 31, Шведько 40, Крикун 40
Қазақстан: Игита (Қ) (К) – Тұрсағұлов, Оразов, Төреғазин, Пиялы – Серіков (Қ), Кнауб, Рашит, Дуглас, Эдсон, Кәрменов, Бақтияров, Валиуллин, Ақбалықов.
Бас бапкер: Рикардо Камара Собрал (Какау)
20 қазан, 2026 жыл. Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайы, Астана.
Жаңалықтар
19 қаз., 17:29
19 қаз., 11:56
15 қаз., 16:00