«Атлетико Мадрид» бас директоры ҚФФ кеңсесіне келді
Футбол үйінде Мигель Анхель Хиль Марин Қазақстан футбол федерациясының президенті Марат Омаровпен жүздесті. Тараптар Қазақстандағы футболдың дамуын, екіжақты ынтымақтастықты нығайту және ықтимал инвестициялық әріптестік бағыттарын талқылады.
Сондай-ақ «Атлетико Мадрид» бас директоры ҚФФ музейіндегі Қазақстан футболының тарихына арналған экспозициялармен танысты. Музейде ел футболының қалыптасуы мен дамуын көрсететін тарихи жәдігерлер ұсынылған.
Сапар барысында Мигель Анхель Хиль Марин «Астана» және «Жеңіс» футбол орталықтарының тәрбиеленушілерімен де кездесіп, жас футболшылармен естелік суретке түсті.
Қазақстан футбол федерациясы мен «Атлетико Мадрид» арасындағы ынтымақтастық футбол инфрақұрылымын дамыту, жас ойыншыларды даярлау және халықаралық тәжірибе алмасу бағыттарында жаңа мүмкіндіктерге жол ашуға бағытталған.