Астанада Қазақстан әйелдер құрамасына арналған Safeguarding бойынша семинар өтті

Астанада Қазақстан әйелдер құрамасына арналған Safeguarding бойынша семинар өтті

23 қазан 2026, 11:37
Астанада Қазақстан әйелдер құрамасына арналған Safeguarding бойынша семинар өтті
Safeguarding бағдарламасын жүзеге асыру аясында Қазақстан футбол федерациясы әйелдер ұлттық құрамасының ойыншылары мен Әйелдер лигасы клубтарының өкілдеріне арнап қауіпсіз спорттық орта қалыптастыру мәселесіне арналған білім беру семинарын өткізді.

Іс-шараның басты спикері ҚФФ Safeguarding бағыты бойынша тәуекел-менеджері Шыңғыс Темірханов болды. Ол өз баяндамасында спортшылардың жеке шекарасын сақтау, олардың негізгі құқықтарын қорғау және команда ішінде барынша қолайлы әрі салауатты атмосфера қалыптастыру мәселелеріне егжей-тегжейлі тоқталды.

Кездесу барысында тәжірибелік мәселелерге ерекше назар аударылды. Футболшы қыздарға қысым көрсету мен кемсітудің кез келген түрінің алдын алу жолдары түсіндірілді. Семинарға қатысушылар жеке шекаралары бұзылған жағдайдағы нақты іс-әрекет алгоритмдерімен танысты, сондай-ақ мұндай оқиғалар туралы қалай және қандай арналар арқылы қауіпсіз әрі құпия түрде хабарлауға болатыны жөнінде толық нұсқаулық алды.

Safeguarding бағытындағы мұндай бейінді кездесулерді өткізу – отандық футболдың барлық деңгейіндегі ойыншылардың психологиялық және физикалық саулығын қорғауға бағытталған Қазақстан футбол федерациясының жүйелі жұмысының маңызды бөлігі.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары
Jankúier қосымшасы