Қазақстан ұлттық құрамасы Мажарстанда Әзербайжан құрамасымен жолдастық матч өткізеді

Қазақстан ұлттық құрамасы Мажарстанда Әзербайжан құрамасымен жолдастық матч өткізеді

06 мамыр 2024, 18:29
Қазақстан футбол федерациясы мен Әзербайжан футбол федерациялары қауымдастығы жолдастық ойын өткізу туралы келісімге келді.

Ойын 11 маусым күні Мажарстанның Сомбатхей қаласы, «Халадаш» стадионында өтеді. Басталуы – Астана уақытымен сағат 21:00-де (жергілікті уақытпен – 18:00-де).

Әзербайжан құрамасы ФИФА рейтінгінде 112-орында орналасқан.

Осыған дейін екі елдің құрамалары 8 рет кездесіп, Қазақстан төрт рет, Әзербайжан екі рет жеңіске жеткен болатын. Екі ойын тең аяқталды.

Қазақстан және Әзербайжан құрамаларының кездесу тарихы:

25.09.2022. УЕФА Ұлттар лигасы. Топтық кезең. Баку

Әзербайжан – Қазақстан – 3:0

03.06.2022. УЕФА Ұлттар лигасы. Топтық кезең. Астана

Қазақстан – Әзербайжан – 2:0

05.06.2018. Жолдастық матч. Астана

Қазақстан – Әзербайжан – 3:0

26.03.2016. Жолдастық матч. Белек

Әзербайжан – Қазақстан – 0:1

06.09.2011. Еуро-2012 іріктеу кезеңі. Баку

Әзербайжан – Қазақстан – 3:2

03.06.2011. Еуро-2012 іріктеу кезеңі. Астана

Қазақстан – Әзербайжан – 2:1

06.06.2007. Еуро-2008 іріктеу кезеңі. Алматы

Қазақстан – Әзербайжан – 1:1

06.09.2006. Еуро-2008 іріктеу кезеңі. Баку

Әзербайжан – Қазақстан – 1:1

Бөлісу
Жоғары