Футзалдан Қазақстан құрамасы Өзбекстанмен ойындарын Таразда өткізеді

Футзалдан Қазақстан құрамасы Өзбекстанмен ойындарын Таразда өткізеді

30 наурыз 2024, 21:24
7 және 9 сәуір күндері футзалдан Қазақстан құрамасы Өзбекстанмен екі жолдастық кездесу өткізеді.

Жоспар бойынша ойындар Ташкентте (Өзбекстан) өтуі керек еді. Алайда Өзбекстан футбол қауымдастығының 2024 жылғы әлем чемпионатының дайындығына байланысты өтініші бойынша қос кездесу Тараз қаласындағы «Тараз Арена» спорт кешеніне ауыстырылды.

Ұлттық құраманың оқу-жаттығу жиыны 1 сәуірде Таразда басталады. 4 сәуір күні Қазақстан құрамасы Қырғызстанмен бақылау ойынын өткізеді. Тараптардың өзара келісімі бойынша ойын жабық өтеді.

Футзалдан Қазақстан құрамасының сәуір айындағы матчтарының кестесі:

4 сәуір

Қазақстан – Қырғызстан – 19:00

«Тараз Арена», Тараз

 

7 сәуір

Қазақстан – Өзбекстан – 19:00

«Тараз Арена», Тараз

 

9 сәуір

Қазақстан – Өзбекстан – 19:00

«Тараз Арена», Тараз

Бөлісу
Жоғары