Футзалдан Қазақстан құрамасы жолдастық матчта Қырғызстанды жеңді

Футзалдан Қазақстан құрамасы жолдастық матчта Қырғызстанды жеңді

04 сәуір 2024, 23:53
Ойын жабық режимде өтті.

Қазақстан ұлттық құрамасы Қырғызстанға қарсы бақылау ойынын өткізді. Кездесу «Тараз Арена» спорт кешенінде жабық режимде өтті.

Ойын қазақстандықтардың пайдасына 3:2 есебімен аяқталды. Қазақстан құрамасы сапынан Шыңғыс Есенаманов, Азат Валиуллин пен Батырхан Кенжеғали гол соқты. Қонақтар сапынан Кайрат Кубанычев дубль авторы атанды.

7 және 9 сәуір күндері Қазақстан құрамасы Өзбекстанға қарсы екі жолдастық матч өткізеді. Ойындар «Тараз Арена» спорт кешенінде өтеді деп жоспарланған.

Қазақстан – Қырғызстан – 3:2 (1:1)

Голдар: Есенаманов 11, Валиуллин 39, Кенжеғали 40 – Кубанычев 2, 23

Ескерту: Аманбаев 6

Қазақстан : Серіков (қ), Есенаманов (к), Кнауб, Валиуллин, Абдуманапұлы, Рашит, Нулет, Көлбаев, Бахтияров, Досов, Жұма, Қайырбай, Төреғазин, Кенжеғали;

Бас бапкер: Рикардо Кака.

Қырғызстан : Акматалиев (қ), Данияр уулу, Турсунов, Кубанычев, Аскарбеков, Таалайбеков, Махмадинов, Аманбаев, Боскунчиев, Джанат уулу, Медетбеков, Алимов, Чоробек уулу;

Бас бапкер: Луис Бернат.

Төрешілер: Айдын Көбейқұлов, Александр Стрелков, Азимджан Кошалиев (бәрі – Тараз)

04.04.2024. «Тараз Арена», Тараз. Без зрителей.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары