Қазақстан U-19 қыздар құрамасы Грузияны ойсырата жеңді

Қазақстан U-19 қыздар құрамасы Грузияны ойсырата жеңді

09 сәуір 2024, 18:50
19 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар құрамасы Еуропа чемпионатының іріктеу турниріндегі соңғы ойынын өткізді.

Топтың үшінші матчында Орынбасар Дәуренбекова шәкірттері алаң қожайыны – Грузия құрамасымен кездесті.

Матч Қазақстан құрамасының пайдасына 5:1 есебімен аяқталды. Гол соққан ойыншылар – Валерия Попова (2), Аяжан Қожабекова, Қазына Норбаева және Адия Асқарова.

Қазақстан қыздар құрамасы Тбилисидегі турнирді бір жеңіс, бір тең ойын және бір жеңіліспен тәмәмдады.

Грузия WU-19 – Қазақстан WU-19 – 1:5 (1:1)

Голдар: Квирквая 4 – Попова 37, 53, Қожабекова 64, Норбаева 72, Асқарова 88

Ескертулер: Квирквая 86, Канкия 90+3 – Егиазарян 90+3

Грузия WU-19: Хачапуридзе (қ), Дарчиашвили (Олкиашвили 46), Цецхладзе, Квирквая, Лондаридзе, Джоджуа, Чиковани (Беридзе 66), Канкия (к), Сагирашвили, Цаава (Манагадзе 46), Какулия (Гогаладзе 46);

Қосақлы құрам: Хуцураули (қ), Мампория, Дзаманашвили;

Бас бапкер: Лавренти Давиташвили.

Қазақстан WU-19: Әнуарбек (қ), Ботабек, Орынбай (Зайнутдинова 90), Набокова, Егиазарян, Норбаева (к), Попова, Перейма, Қожабекова, Нақыпбек (Жәлімбетова 85), Абдулаева (Асқарова 51);

Қосалқы құрам: Орел (қ), Кәкен, Берікова, Темірбекова, Нұрғазина, Бейбіт;

Бас бапкер: Орынбасар Дауренбекова.

Төрешілер: София Причина, Ирина Чайка (екеуі де – Украина), Колета Пренга, Эглантина Пьетрушай (екеуі де – Албания)

09.04.2024. Михаил Месхи атындағы стадион, Тбилиси, Грузия.

Бөлісу
Жоғары