Бақұл болыңыз, Аман аға!

Бақұл болыңыз, Аман аға!

16 августа 2021, 21:29
Еліміздегі танымал спорт комментаторы Амангелді Сейітхан 52 жасында мезгілсіз дүниеден озды.

Амангелді Муатқанұлы Сейітханов 1969 жылы 11 мамырда Шығыс Қазақстан облысы Мақаншы ауданында дүниеге келген. Еңбек жолын «Спорт» газетінде бастап,  «Қазақстан» және «Хабар» телеарналарында қызмет етті.  

Футболдан Франция (1998) мен Оңтүстік Корея (2002) елдеріне өткен Әлем Чемпионаты, Сидней (2000) мен Солт-Лейк-Сити (2002) Олимпиадаларының ойындарынан хабар жүргізді. С.Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты.

Қазақстан футбол федерациясы Амангелді Сейітханның мезгілсіз қайтыс болуына қатты қайғырып, марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтады. 

Қазақстан футбол федерациясы
 

Поделиться
Наверх