Біржан Оразов: «Венесуэланы жеңіп, өз тобымызда көш бастауға тырысамыз»

Біржан Оразов: «Венесуэланы жеңіп, өз тобымызда көш бастауға тырысамыз»

16 сентября 2021, 12:22
Футзалдан Қазақстан құрамасының ойыншысы Біржан Оразов Литвамен ойыннан кейін BAQ.KZ тілшісіне сұхбат берді.

Қазақ елін екінші жеңісімен құттықтаймын! Қазір топта бірінші орында тұрмыз. Ойынға келер болсақ, қиынға соқты. Себебі алаң иелеріне алтыншы ойыншы ретінде көрермендер көмектесті. Ол бізге белгілі дәрежеде әсер етті. Бірінші тайм ауыр соқты. Ал үзілістен кейін ойын өрнегін өзгерттік. Былайша айтқанда, қиынға түсті.

Жанкүйерлердің қолдауы маңызды. Себебі олар ойынға деген жаңа эмоция береді. Көрерменнің көп болуы қарсыласымыз - Литва командасына көмектесті деп ойлаймын. Меніңше, бірінші ойын жеңіл өтті. Бүгінгі матчта Литва құрамы қорғаныста жақсы ойнады. Ең бастысы, гол өткізбедік. Бұйырса, үшінші ойында бұдан да жақсы ойын көрсетеміз деген ойдамын.

Алғашқы ойында қобалжу басым болды. Әлемдік үлкен аренада еліміздің намысын қорғау және өзіміздің алғашқы жарысымызды өткізіп отырмыз. Дегенмен кәсіби ойыншылар ретінде қобалжуымызды жеңе білдік

Венесуэлаға қарсы нақты зерттеу жүргізілген жоқ. Жаттығу басталғаннан бастап бейнероликтерден қарсылас ойыншыларды тыңғылықты зерттей бастаймыз. Бізге топта бірінші орынды сақтау керек. Егер бәрін ұтсақ, іріктеуде үшінші орын иеленген қарсыласқа түсеміз. Бұл - біздің жолымызды жеңілдетеді

ДереккөзBAQ.KZ 

Поделиться

Новости

10 сент., 21:10
Наверх