Футзалдан Қазақстан құрамасы жылдың үздік командасы атағына үміткер!

Футзалдан Қазақстан құрамасы жылдың үздік командасы атағына үміткер!

22 ноября 2021, 16:23
Қазақстан ұлттық олимпиадалық комитеті жылды қорытындылайтын «Altyn Samǵaý-2021» ұлттық спорттық жүлдесі үшін дауыс беру басталғанын хабарлайды. 

Ұлттық спорттық жүлдені салтанатты табыстау рәсімі Қазақстан Республикасының 30 жылдығына орай желтоқсан айының ортасында өтеді.

Литвада өткен әлем чемпионатында жер жаһанды таңғалдырған футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы «Жылдың үздік командасы» номинациясына үміткерлердің бірі.

Дауыстарыңызды 29 қараша күні 13:00-ге дейін мына сілтемеге өту арқылы бере аласыздар.

Поделиться
Наверх