Қазақстан құрамасы жолдастық ойында Өзбекстанды жеңді

Қазақстан құрамасы жолдастық ойында Өзбекстанды жеңді

14 декабря 2021, 21:54
Елордада өткен ойында Рикардо Кака шәкірттері 3:1 есебімен жеңіске жетті.

Ойынның алғашқы таймы тең аяқталды. Қазақстан құрамасы ойыншылары бірнеше шабуыл ұйымдастырғанымен, есеп аша алмады. Ұлттық құрамасы сапында алғаш рет ойнаған жас өрен Ғазиз Нағашыбайдың да көзге түсетін мүмкіндігі болды. 

Екінші таймда Қазақстан құрамасының ойыншысы Арнольд Кнауб есеп ашты. Сәлден соң Дуглас есепті еселей түсті - 2:0.

Өзбекстан құрамасы матч соңына қарай алаңға бесінші ойыншыны шығарып, есеп айырмасын қысқартты. Ойынның соңғы секундтарында Қазақстан құрамасының капитаны Игита ұлттық құрама сапындағы мерейтойлы оныншы гол соғып, аренаға жиналған халықты қуантып тастады. 

Ертең дәл осы аренада Қазақстан мен Өзбекстан құрамалары екінші рет кездеседі. 

 

Қазақстан - Өзбекстан - 3:1 (0:0)

Голдар: Кнауб 22, Дуглас 22, Игита 40 - Хамроев 39;

Қазақстан: Игита (к), Атантаев - Дуглас, Кнауб, Есенаманов, Ақбалықов, Қарағұлов, Нағашыбай, Сағындықов, Оразов, Тоқаев, Сарбасов, Төреғазин;

Өзбекстан: Умаров (к), Элибаев - Ропиев, Хамроев, Нишонов, Чориев, А.Рахматов, Одилов, Д.Рахматов, Тулкинов, Усманов, Солихов, Ибрагимов;

14.12.2021. Нұр-Сұлтан, Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайы

Поделиться
Наверх