Қазақстан құрамасы Гронингенде алғашқы жаттығуын өткізді

Қазақстан құрамасы Гронингенде алғашқы жаттығуын өткізді

19 января 2022, 02:49
Футзалдан 2022 жылғы Еуропа Чемпионаты бүгін басталады.

Футзалдан Қазақстан құрамасы Нидерланд елінің Гронинген қаласына жетіп, алғашқы күні екі жаттығу өткізді.

Қазақстан құрамасы топтық кезеңнің барлық ойынын Мартини Плаза аренасында өткізеді. Өкінішке қарай, топтық кезеңнің ойындарын жанкүйерлер спорт кешенінен тамашалай алмайды.

Қазақстан құрамасы алғашқы ойында 20 қаңтар күні Словениямен сынға түседі. Ойынды QAZSPORT телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Поделиться
Наверх