Қазақстан құрамасы Италияны ұтып, Еуропа чемпионатының ширек финалына шықты

Қазақстан құрамасы Италияны ұтып, Еуропа чемпионатының ширек финалына шықты

29 января 2022, 03:11
Гронингенде өткен ойында Рикардо Кака командасы қарсыласынан 4:1 есебімен басым түсті.

Топтық кезеңнің тартысы ойынында Қазақстан құрамасы жеңіске жетіп, В тобында бірінші орын алды. Алғашқы таймда Біржан Оразов пен Азат Валиуллин гол соғып, Қазақстан құрамасы 2:0 есебімен алға шықты. Үзіліске дейін Италия құрамасының ойыншысы Николоди есеп айырмасын қысқартты.

Ойынның тағдыры екінші таймның соңына қарай шешілді. Шабуылды бастап өзі аяқтаған Біржан Оразов есеп айырасын тағы ұлғайтты. Төртінші голды бос қақпаның торына дөп түсірген Дуглас  кездесуге нүкте қойды. Қорытынды есеп – 4:1.

Қазақстан құрамасы ширек финалда А тобында екінші орынды иеленген Украинамен ойнайды. Матч 31 қаңтар күні Амстердамда өтеді. 

Қазақстан — Италия - 4:1 (2:1)

Голдар: Оразов 6 (1:0), Валиуллин 9 (2:0), Николоди 13 (2:1), Оразов 30 (3:1), Дуглас 38 (4:1).
 

Поделиться
Наверх