Талғат Байсуфинов: «Жігіттер жандарын салып ойнады»

Талғат Байсуфинов: «Жігіттер жандарын салып ойнады»

28 марта 2021, 23:01
Қазақстан құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов Әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясындағы Францияға қарсы ойын туралы өз ойын айтты:

– Қандай командамен ойнағалы жатқанымызды білдік. Бұл біздің алғашқы ойынымыз. Иә, өкінішіке орай, жеңіліп қалдық және өз қателіктерімізді білеміз.  Бірақ жанкүйерлер жігіттерді қатты сөкпейді деп ойлаймын. Өйткені олар жандарын салып ойнады. Қазір бізге ең бастысы тұрақтылық сақтап, жақсы нәтиже көрсету. Чемпионаттың алдағы ойындарына қарап, тағы да жаңа ойыншыларды қатарға қосамыз. Ойынды талқылап, кем-кетік жерлерімізді түзетуге тырысамыз. Абат Айымбетовқа келер болсақ, ол ойын тәжірибесінің аздығына байланысты алаңға шықпады. Ал Бақтиер Зайнутдинов сөзсіз ойнағасы келді, дегенмен жарақаты жасыл алаңда көсілуге мүмкіндік бермеді. Ол Украинамен қарсы ойынға да катыса алмайды.

Поделиться
Наверх