Ақтөбе қаласының әкімі Асхат Шахаров Қазақстан жастар құрамасының ойын алды жаттығуын тамашалады

Ақтөбе қаласының әкімі Асхат Шахаров Қазақстан жастар құрамасының ойын алды жаттығуын тамашалады

03 июня 2021, 20:23
Қазақстан жастар құрамасы Бельгиямен ойын алдында дайындықтарын пысықтап, Қобыланды батыр атындағы Орталық стадионда жаттығу жасады.

Жаттығу алдында Ақтөбе қаласының әкімі Асхат Шахаров пен Қазақстан футбол федерациясы Президентінің кеңесшісі Сейілда Байшақов футболшылармен кездесіп, маңызды ойынға сәттілік тіледі.

Шаһар басшысы ел футболының дамып келе жатқанын атап өтіп, ертеңгі кездесуде жас ойыншыларға жергілікті жанкүйерлердің ерекше қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.

Өз кезегінде Қазақстан жастар құрамасының аға бапкері Қайрат Нұрдәулетов халықаралық ойынға дайындықтың жоғары деңгейде ұйымдастырылып жатқанын айтып, алғысын білдірді.

Поделиться
Наверх