Қазақстан құрамасы Әлем чемпионатының жартылай финалына шықты!

Қазақстан құрамасы Әлем чемпионатының жартылай финалына шықты!

28 сентября 2021, 12:14
Литвада өтіп жатқан футзалдан Әлем чемпионатының ширек финалында Қазақстан құрамасы Азияның ең мықты ұжымы Иран құрамасымен кездесіп, 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Алғашқы таймда Иран құрамасы екі гол соқты. Қазақстан құрамасының ойыншылары да гол соғатын бірнеше сәттер ұйымдастырды, алайда доп қақпа торына дарымай-ақ қойды. 

Үзілістен соң біздің жігіттер нағыз мінез көрсетті. Рикардо Кака шәкірттері қарсыластың қорғанысын бұзып, үш гол соғып, жеңісті жұлып алды. 

Ең алдымен Дәурен Тұрсағұлов есеп айырмасын қысқартқан. Алайда, хаттамада гол қарсыластың қақпашысына жазылды. Таразы басын тамаша соққысымен теңестірген – Арнольд Кнауб.

Ойынның аяқталуына санаулы минуттар қалғанда Тайнан жеңіс голын соғып, Қазақстан құрамасын жартылай финалға алып шықты. 

Қазақстан құрамасы тұңғыш рет Әлем чемпионатының жартылай финалына шықты. Үздік төрт құраманың қатарына енді. Бұл тізімде Бразилия, Аргентин және Портгуалия бар.

Жартылай финалдағы ойын 30 қыркүйек күні Каунас қаласында Португалиямен өтеді.
 

Поделиться
Наверх