Максим Федин: «Ең бастысы – жанкүйерлерге қуаныш сыйлап, үш ұпай алу»

Максим Федин: «Ең бастысы – жанкүйерлерге қуаныш сыйлап, үш ұпай алу»

15 қазан, 17:17
Қазақстан Ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Максим Федин матч алдындағы баспасөз мәслихатында журналистердің сауалдарына жауап берді:

- Ұлттық құраманың қатарында алғашқы ойыныңызды өткіздіңіз. Қандай әсер алдыңыз?

- Әрине, ұлттық құраманың намысын қорғау – үлкен абырой. Сонымен қатар, үлкен жауапкершілікті жүктейді. Жеңіске жеткен сәтте алғашқы әсерім ерекше болар еді. Латвиямен өткен ойында ең алдымен командаға көмектесуді ойладым.

- Андоррамен өтетін қарымта ойыннан не күтесіз?

- Ертең жақсы футбол көрсетіп, жеңіске жетуге ұмтыламыз. Алдағы ойында гол соғатын сәттерді жиі ұйымдастырып, мүмкіндіктерді жібермейміз деп ойлаймын. Сонымен қатар, қорғаныста сауатты ойнап, қарсыласқа мүмкіндік бермеу қажет.

- Қазақстан құрамасы Андорраны ірі есеппен ұту арқылы жанкүйерлер наразылығын тоқтатуға бола ма?

- Ең алдымен жеңіс қажет. Ірі есеп болуының маңызы аздау. Ең бастысы – жанкүйерлерге қуаныш сыйлап, үш ұпай алу.

Бөлісу
Жоғары