Бос лауазымдар

Бос лауазымдар

«Қазақстан Футбол Федерациясы» Қауымдастығы» ЗТБ футболдың барлық бағыттарын (кәсіби, әуесқой, бұқаралық, балалар, әйелдер, жағажай футболы, футзал, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған футбол) дамыта отырып, салауатты өмір салтын насихаттайды.

Міндеттері: Қазақстанда футболды насихаттау және дамыту.

Республикалық және халықаралық турнирлер өткізу.

FIFA және UEFA халықаралық спорт ұйымдарымен тұрақты түрдегі серіктестік.

Бүгінгі таңда ҚФФ-да спорт, коммерция, жарнама, қаржы, құқық және т.б. салалардағы ең мықты мамандар тобы жұмыс жасайды.

Біз үміткерлердің жоғары кәсіби және білім деңгейін, өз міндеттерін орындауға адал және жауапкершілікпен қарауын, кәсіби шеберлікті жетілдіруге ұмтылуын және нәтижеге қол жеткізу жолындағы талпынысын қолдаймыз. Біз тұрақтылық пен болашаққа деген сенімділікті ұсынамыз.

Біздің командаға қосылыңыз! Еліміздің футболын бірге жақсартайық!

Персонал менеджерінің электрондық поштасы: personal@kff.kz

Материалдық үстел бухгалтері (декреттік орын)
Жоғары