ЖАҚСЫБЕКОВ ӘДІЛБЕК РЫСКЕЛДІҰЛЫ
Президент
АЙТҚОЖИН АЗАМАТ СЕРіКҰЛЫ
Бас хатшы
ТҮСІПБЕКОВ ӘМІРЖАН НҰРЫШҰЛЫ
Атқарушы директор
Байшақов Сейілда Икрамұлы
Президент кеңесшісі
ЖАҚСЫБЕКОВ ӘДІЛБЕК РЫСКЕЛДІҰЛЫ
Президент

1954 жылы 26 шілдеде Қостанай облысы, Қарабалық ауданының Бөрілі ауылында туған.

1977 жылы Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтының (Мәскеу қаласы) экономика факультетін бітірген, 1987 жылы Плеханов атындағы Мәскеу халық шаруашылығы институтында «материалдық-техникалық жабдықтауды ұйымдастырушы» мамандығы бойынша қайта даярлаудан өтті. Экономика ғылымдарының кандидаты.

Қазақ КСР Мемкино және Мемжабдықтау жүйесінде жұмыс істеді, бірқатар кәсіпорындарды басқарған.

1988-1995 жылдары «Цесна» көпсалалы корпорациясын басқарды.

1995 жылы Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатына сайланды.

1996 жылы – Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары.

1997-2003 жылдары – Астана қаласының әкімі.

2003-2004 жылдары – Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі.

2004-2008 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы.

2008 жылғы қаңтар мен қазан аралығында – «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы төрағасының бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі.

2008-2009 жылдары – Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.

2009-2014 жылдары – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі.

2014 жылғы сәуір мен қазан аралығында – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы.

2014-2016 жылдары – Астана қаласының әкімі.

2016 жылғы 21 маусымда Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалды.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев», I, II және III дәрежелі «Барыс», III дәрежелі «князь Ярослав Мудрый» (Украина) ордендерімен және медальдармен наградталған.

Төтенше және Өкілетті Елші дипломатиялық дәрежесіне ие.

АЙТҚОЖИН АЗАМАТ СЕРіКҰЛЫ
Бас хатшы

2003 - 2004 – «Жеңіс» футбол клубының басқарма төрағасы

2004 - 2005 – Астана қаласының спорт және туризм департаментінің директоры

2005 - 2006 – Астана қаласының спорт және туризм басқармасының басшысы

2006 - 2010 – «Қажымұқан» стадионының» директоры

2012 - 2013 – «Астана» футбол клубының президенті

2015 – Қазақстан футбол федерациясының атқарушы директоры

2015 - 2016 – Қазақстан футбол федерациясының жауапты хатшысы

2016 - Қазақстан футбол федерациясының вице-президенті

2016 - Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасының президенті 

2018 жылдың қаңтарынан бастап - Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы
 

ТҮСІПБЕКОВ ӘМІРЖАН НҰРЫШҰЛЫ
Атқарушы директор

Туған жылы: 20.12.1953

Білімі:

Целиноград қаласының қаржы-экономикалық техникумы (1972)

Алматы қаласының халық шаруашылығы институты (1982)

«Қаржы және несие» мамандығы бойынша экономист

Еңбек өтілі:

Целиноград облысының қаржы бөлімінің аға экономисті (1972)

Целиноград облысының қаржы бөлімінің бақылаушы-ревизоры, аға бақылаушы-ревизоры (1974-1976)

ҚазССР, Целиноград облысы бойынша қаржы министрлігінің бақылаушы-ревизоры, аға бақылаушы-ревизоры (1976-1978)

«Целингазификация» ага бухгалтері (1978-1979)

Целиноград облысының психикалық ауруханасының бас бухгалтері (1979)

Целиноград облысының Нан өнімдері басқармасының бухгалтер-ревизоры (1979-1980)

«Целиноблсельхозтехника» аға бухгалтер-ревизоры, бөлім басшысы (1980-1986)

Целиноград облысының КРУ АПК шаруашылық есебінің бөлім басшысы, басшысы (1986-1992)

Ақмола қаласы бойынша мемлекеттік қаржылық бақылау Комитетінің бөлімшесінің жетекшісі (1992-1997)

Ақмола қаласының қаржы бөлімінің меңгерушісі, Астана қ. Қаржы департаментінің басқарма басшысы (1997-2003)

Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің қаржылық бақылау Комитетінің төрағасының орынбасары (2003-2004)

Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің мемлекеттік тапсырыс және қаржылық бақылау Комитетінің төрағасының орынбасары (12.2004-27.02.2006)

Астана қаласы бойынша қаржылық бақылау және мемлекеттік тапсырыс барқармасының басшысы (27.02.2006-02.10.2006)

Астана қаласының қаржы Департаментінің директоры (02.10.2006-12.11.2007)

Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің қазына Комитетінің төрағасы (12.11.2007-08.2009)

Қазақстан Республикасының қорғаныс Министрінің экономика және каржы бойынша орынбасары (24.08.2009-01.2013)

Басқа қызметтері:

«Астана-финанс» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі (2006-2007)

Халықаралық және мемлекеттік марапаттар, сыйлықтар, құрметті атақтар:

«Парасат» ордені (2012)

«Құрмет» ордені (2006)

Медальдар:

«Қазақстан Республикасына 10 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл»

Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің мақтау қағазы

Байшақов Сейілда Икрамұлы
Президент кеңесшісі

1950 жылы 28 тамызда дүниеге келді.

«Қайрат» (Алматы) футбол клубы мен КСРО құрамында ойнады.

Әр жылдары «Қайрат» футбол клубы» АҚ бірінші вице-президенті, Қазақстан Республикасы мини-футбол қауымдастығының президенті, Қазақстан футбол одағының төрешілер комитетінің төрағасы, Қазақстан футбол одағының вице-президенті, Қазақстан футбол федерациясының балалар және жасөспірімдер футболы бойынша жетекші маман қызметтерін атқарды.

2007 жылдың 28 тамызынан бастап Қазақстан футбол федерациясының вице-президенті.

2013 жылдан бастап Қазақстан футбол федерациясы Техникалық комитетінің төрағасы.

2016 жылдың 16 қазанына бастап - ҚФФ президенті міндетін атқарушы.

2016 жылдың 28 қарашасы мен 2018 жылдың 10 ақпаны аралығында Қазақстан футбол федерациясы президенті

Қазақстан футбол федерациясының «Құрметті қайраткері»

Жоғары