Дания төрешілері Қазақстан мен Латвия матчында қызмет атқарады

Дания төрешілері Қазақстан мен Латвия матчында қызмет атқарады

14 қараша, 12:15
УЕФА Ұлттар Лигасы аясында өтетін Қазақстан мен Латвия құрамалары арасындағы ойынға даниялық төрешілер тағайындалды.

Матчтың бас төрешісі - Йенс Мое. Оның көмекшілері – Ларс Хуммельгор және Хейне Серенсен.

Қақпа артындағы төрешілер - Йорген Бурхардт және Мортен Крог.

Қосалқы арбитр - Еспер Даль.

Йенс Мое бұған дейін  «Астана» футбол клубының 2017/2018 жылғы маусымдағы Чемпиондар Лигасы аясында сырт алаңда польшалық «Легиямен» өткен ойыны мен «Қайрат» футбол клубының 2017/2018 жылғы маусымда Еуропа Лигасының аясында сырт алаңда албаниялық «Скендербеу» командасымен өткен кездесуде қызмет атқарған болатын.

Қазақстан - Латвия ойыны 15 қараша күні 21:00-де басталады. Тікелей көрсетілімді «QazSport» телеарнасы ұсынады.

Бөлісу
Жоғары