Сербиялық төрешілер Қазақстан мен Шотландия матчына қазылық етеді

Сербиялық төрешілер Қазақстан мен Шотландия матчына қазылық етеді

18 наурыз, 20:24
2020 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу турнирі аясында өтетін Қазақстан мен Шотландия арасындағы кездесуде қызмет атқаратын төрешілер тобы белгілі болды.

Бас төреші міндетін Срджан Йованович атқарады. Оның қапталдағы көмекшілері - Урош Стойкович және Милан Михайлович. Қосалқы төреші - Новак Симович. Төрешілердің барлығы Сербия елінен. 

Қазақстан мен Шотландия құрамалары арасындағы ойын 21 наурыз күні «Астана Арена» стадионында өтеді. Матч елорда уақытымен 21:00-де басталады.

 

Бөлісу
Жоғары