Қазақстан – Сан-Марино матчының билеттері онлайн сатылымға шықты

Қазақстан – Сан-Марино матчының билеттері онлайн сатылымға шықты

20 мамыр 2019, 09:52
Қазақстан футбол федерациясы 2020 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Қазақстан – Сан-Марино матчының билеттері онлайн сатылымға шыққанын хабарлайды.

Қазақстан Сан-Марино матчы 11 маусым күні Астана қаласындағы «Астана Арена» стадионында өтеді. Ойынның басталуы - 20:00.

Билеттерді www.ticketon.kz сайтынан сатып алуға болады. Билеттердің құны 500-3000 теңге аралығында.

Қазақстан футбол федерациясының бас серіктесі – «Самұрық - Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры.

Бөлісу
Жоғары