Қазақстан жастар құрамасы төртінші рет іріктеу кезеңін жеңіспен бастады

Қазақстан жастар құрамасы төртінші рет іріктеу кезеңін жеңіспен бастады

09 маусым, 15:20
Жастар арасында Еуропа Чемпионатының іріктеу турнирлерінде Қазақстан құрамасы төртінші рет қатарынан жеңіспен бастады. Барлық жеңіс сырт алаңда тіркелді.

Тарихқа көз жүгіртсек: 2013 жылы беларусь бапкері Сергей Боровский жаттықтырған Қазақстан жастар құрамасы ЕURO-2015 іріктеу турнирінде сырт алаңда Беларусь футболшыларын 1:0 есебімен жеңді. Шешуші голды пенальтиен Бауыржан Исламхан соқты.

Араға екі жыл салып ЕURO-2017 іріктеу кезеңінде литвалық маман Саулюс Ширмялис баптаған біздің футболышлар Сараевода Босния және Герцеговина құрамасынан 2:1 есебімен түсті. Гол соққан Мирас Төлиев және Абат Айымбетов.

Дәл осы есеп 2017 жылы Люксембургте тіркелді. Александр Соколенко мен Геворг Наджарян голдары Владимир Никитенко командасына үш ұпай әкелді. Алайда, кейін ойын нәтижесіне өзгеріс енгізілді. Өйткені, Люксембург құрамасына 0:3 есебімен техникалық жеңіліс жазылды.

Еуропа Чемпионатының іріктеу кезеңіндегі жеңісті серияны кезекті рет Александр Москаленко командасы жалғастырды. Біздің құрама сырт алаңда Фарер аралдарын 3:1 есебімен ұтты. Гол авторлары - Акмаль Бахтияров, Дмитрий Бачек және Владислав Прокопенко.

Бөлісу
Жоғары