Нұр-Сұлтанда УЕФА GROW семинары басталды

Нұр-Сұлтанда УЕФА GROW семинары басталды

25 қараша, 16:48
Елордада Шығыс Еуропа елдерінің футбол федерацияларының мамандарының қатысуымен УЕФА GROW семинары басталды.

Екі күнге созылатын семинарға Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Молдова, Ресей, Украина және Чехия футбол федерацияларының мамандары қатысуда. Басқосуға Қазақстан футбол федерациясының Маркетинг және PR қызметі, әйелдер және бұқаралық футбол департаменттерінің қызметкерлері мен Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасының маркетологтары жиналды. 

Жиын басында Қазақстан футбол федерациясының Бас хатшысы Азамат Айтқожин алғыс сөз сөйлеп, семинардың тәжірибе алмасу мен футболды дамыту жолында маңызы зор екенін атап өтті. 

Семинардың алғашқы күні УЕФА ұлттық қауымдастықтар департаментінің бизнесті дамыту бойынша менеджері Олександр Кучерявый, УЕФА ұлттық қауымдастықтар департаментінің бизнесті дамыту бойынша үйлестірушісі Полли Банкрофт және УЕФА GROW сарапшысы Сиссель Гинннилд Хартли баяндама жасады. УЕФА өкілдері Шығыс Еуропа елдерінің қауымдастықтарына арналған әйелдер футболын дамыту жолындағы стратегиялық бағыттарды айқындады. 

Бөлісу
Жоғары