Қазақстан мен Армения құрамалары Алматыда жолдастық матч өткізеді

Қазақстан мен Армения құрамалары Алматыда жолдастық матч өткізеді

24 желтоқсан 2019, 14:00
2020 жылдың 23-30 наурызында Қазақстан Ұлттық құрамасы Талғарда оқу-жаттығу жиынын өткізеді.

Жиын аясында екі жолдастық ойын өткізу жоспарланған - 27 және 30 наурыз күндері. Қарсыластардың бірі - Армения құрамасы. Ойын 30 күні Алматы қаласында өтеді. Екінші қарсылас кейін белгілі болады. 

Армения құрамасын 52 жастағы маман Абраам Хашманян жаттықтырады. 2020 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу турнирінде «J» тобында Италия, Финляндия, Грекия, Босния және Герцеговина, Лихтенштейн құрамаларымен ойнап, 10 жинайды. ФИФА рейтингіндегі орны - 102.

Бөлісу
Жоғары