Қазақстанның футбол клубтары еурокубок жарыстарына қатысу үшін сертификат алды

Қазақстанның футбол клубтары еурокубок жарыстарына қатысу үшін сертификат алды

22 маусым 2020, 17:30
Қазақстан футбол федерациясының УЕФА Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының қатысушыларын сертификациядан өткізу комиссиясының отырысы өтті.

Комиссия отырысы онлайн-конференция түрінде өтті.

Еуропалық жарыстарға қатысатын қазақстандық командалардың УЕФА-ның сертификация және қаржылық FAIR PLAY ережелерін орындауы ескеріліп, комиссия келесі шешімдерді қабылдады:

1. «Астана» футбол клубының (Нұр-Сұлтан) УЕФА Чемпиондар лигасының 2020-2021 жылғы маусымына қатысуға сертификат беру ;

2. «Қайрат» (Алматы), «Ордабасы» (Шымкент) және «Қайсар» (Қызылорда) футбол клубтары үшін УЕФА Еуропа 2020-2021 маусымына қатысуға сертификаттар беру;

3. «Астана» футбол клубы «Астана Арена» стадионын (Нұр-Сұлтан) қалпына келтіруді 2020 жылдың 15 шілдесіне дейін аяқтап, стадионның жасанды жамылғысын ФИФА аккредитациясы бар зертханадан сынақтан өткізуі тиіс.

4. «Қайсар» футбол клубы Ғани Мұратбаев атындағы стадионының (Қызылорда) жасанды жамылғысын ФИФА аккредитациясы бар зертханадан сынақтың қорытындысын 2020 жылдың 1 тамызына дейін тапсыруы керек.

Еуропалық жарыстарға қатысатын командалардың футбол алаңдарын сынақтан өткізу жыл сайын қарастырылған.

Бөлісу
Жоғары