Қазақстан жастар құрамасы Бельгияға есе жіберді

Қазақстан жастар құрамасы Бельгияға есе жіберді

04 июня 2021, 20:30
Қазақстан жастар құрамасы 2023 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу турнирінің алғашқы ойынында Бельгия құрамасын қабылдады.

Ойын Ақтөбе қаласындағы Қобыланды батыр атындағы Орталық стадионда өтті. Кездесудің 28-минутында қонақтардың қорғаушысы Киллиан Сардела есеп ашты - 0:1. Қазақстан жастар құрамасы алғашқы таймның соңына қарай таразы басын теңестірді - 1:1. Голдың авторы - шабуылшы Абылайхан Жұмабек. Алайда, үзіліске дейін Бельгия жастары қайта алға шықты. Бұл жолы қарсыластың капитаны Амаду Онана көзге түсті - 1:2.

Екінші таймда Бельгия құрамасының ойыншысы Лоис Опенда үшінші голды соғып, кездесуді қорытындылады - 1:3.

2023 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу турнирі. 

Қазақстан U-21 – Бельгия U-21 – 1:3 (1:2)

Голдар: Жұмабек 43 – Сарделла 28, Онана 45+1, Опенда 75

Ескерту: Сағи 90+2 - Онана 64

Қазақстан U-21: Устименко, Скворцов, Жақсылықов, Жұмаханов, Совет, Астанов (Ульшин 73), Сағнаев (К), Буранчиев, Швырев (Кенесов 61), Самородов, Жумабек;

Бельгия U-21: Вандервоордт, Сарделла, Теате, ван дер Бремпт, Сике (Кана 70), Плетенкс, Айт-Эль-Хадж (Буссаид 70), Кетеларе, Онана (К), Версхарен, Опенда;

04.06.2021. Ақтөбе. Қобылданды батыр атындағы Орталық стадион. 4319 жанкүйер.

 

Поделиться
Наверх