Студенттер арасындағы Әлем Чемпионатының алғашқы ойынында Қазақстан құрамасы Чехияны ұтты

Студенттер арасындағы Әлем Чемпионатының алғашқы ойынында Қазақстан құрамасы Чехияны ұтты

19 тамыз 2018, 21:30
Футзалдан Қазақстан студенттер құрамасы алғашқы кездесуінде Чехиядан 4:3 басым түсті. 

Қайрат Құлбарақов командасына өткен Әлем біріншілігінде қола жүлдегер атанған Чехия құрамасы қарсы тұрды. Қазақстан құрамасынан Дәурен Тұрсағұлов пен Ақеділ Мадияров қос-қостан гол соқты. Чехия сапында Павел Дрозд, Давид Черны және Ярослав Кубата көзге түсті.

Қазақстан - Чехия - 4:3

Голдар: Дәурен Тұрсағұлов (2), Ақеділ Мадияров (2) - Павел Дрозд, Ярослав Кубат, Давид Черны.

19.08.2018. Алматы. Almaty Arena.

Ертең, 20 тамыз күні Қазақстан студенттер құрамасы Жаңа Зеландия құрамасымен кездеседі. 
 

Бөлісу
Жоғары