Қазақстан Ұлттық құрамасының Грузия мен Андорраға қарсы ойнайтын футболшыларының тізімі

Қазақстан Ұлттық құрамасының Грузия мен Андорраға қарсы ойнайтын футболшыларының тізімі

20 тамыз 2018, 15:37
Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері Станимир Стоилов УЕФА Ұлттар лигасының алғашқы екі ойынына шақырылған футболшылардың тізімін жариялады. 

Тізімге 23 футболшы енді: 

Қақпашылар: Ненад Эрич («Астана»), Владимир Плотников («Қайрат»), Дмитро Непогодов («Тобыл»);

Қорғаушылар: Сергей Малый, Евгений Постников, Дмитрий Шомко, Абзал Бейсебеков, Юрий Логвиненко (барлығы - «Астана»), Ғафуржан Сүйімбаев, Станислав Лунин (екеуі де - «Қайрат»), Дмитрий Мирошниченко («Тобыл»);

Жартылай қорғаушылар: Исламбек Қуат, Бауыржан Исламхан, Ян Вороговский, Магамед Парагульгов, Георгий Жуков (барлығы - «Қайрат»), Бактиер Зайнутдинов, Серікжан Мужиков (екеуі де - «Астана»);

Шабуылшылар: Еркебұлан Тұңғышбаев («Ордабасы»), Алексей Щеткин, Роман Муртазаев (екеуі де - «Астана»), Бауыржан Тұрысбек («Тобыл»), Еркебулан Сейдахмет («Уфа», Ресей).    

Құраманың тізімінде өзгерістер болуы мүмкін.

УЕФА Ұлттар Лигасындағы Қазақстан мен Грузия арасындағы ойын 6 қыркүйек күні сағат 20:00-де «Астана Арена» стадионында басталады. Билеттерді www.ticketon.kz сайтынан онлайн сатып алуға болады. 

Бөлісу
Жоғары