Ника Квеквескири: «Қазақстан құрамасының барлық кемшіліктерін ұтымды пайдалануға тырысамыз»

Ника Квеквескири: «Қазақстан құрамасының барлық кемшіліктерін ұтымды пайдалануға тырысамыз»

05 қыркүйек 2018, 23:21
Грузия құрамасының жартылай қорғаушысы Ника Квеквескири матч алдындағы баспасөз мәслихатында журналистердің сауалдарына жауап берді:

- Команданың дайындығы қалай? Қарсыласқа қандай баға бересіз?

- Топтық кезеңде жеңіске жету арқылы Еуропа Чемпионатына жолдама алуға мүмкіндік мол. УЕФА Ұлттар Лигасының алғашқы ойыны Қазақстан мен Грузия арасында өтеді. Қазақстан құрамасында дайындық уақыты көптеу болды. Алайда, біздің құрама шаршап тұрған жоқ. Ертеңгі кездесуде жеңіске жету үшін бар күшімізді саламыз. Астанаға келіп, қолдау білдіріп жатқан грузиялық журналистерге ерекше рахмет. 

- Қазақстандық футболшыларды жақсы танисыз. Қазақстан құрамасынан не күтесіз? 

- Қазақстан құрамасында жақсы футболшылар жиналған. Соңғы ойында олар жақсы қырын көрсетті. Тактикалық тұрғыда ойын өте тартысты болады. Өйткені, екі жақтың бапкері бірін-бірі жақсы біледі. Футболшылар да бір-бірімен таныс. Қарсыластың кемшілігін іздейміз. Қазақстан құрамасының барлық кемшіліктерін ұтымды пайдалануға тырысамыз.

 

 

Бөлісу
Жоғары