Ильдефонс Лима: «Қазақстан құрамасының ойыншылары жылдам»

Ильдефонс Лима: «Қазақстан құрамасының ойыншылары жылдам»

15 қазан, 19:37
Андорра құрамасының капитан Ильдефонс Лима матч алдындағы баспасөз мәслихатында журналистермен кездесті.

- Андорра құрамасындағы ең тәжірибелі футболшылардың бірі екеніңізді білеміз. Осыншама ынта-жігерді қайдан табасыз?

- Мен үшін ел намысын қорғаудан артық үлкен мотивация жоқ.

- Қазақстан мен Андорра құрамаларының алғашқы ойынында қорғаныста жақсы ойнадыңыз. Қарсыластың қатарынан кімді атап өтер едіңіз?

- Алдағы ойын өте қиын болмақ. Қазақстан құрамасының ойыншылары жылдам. Грузиямен өткен ойынға ұқсайды деп ойлаймын. Оның үстіне Қазақстан ойынды өз алаңында қабылдайды. Қазақстан құрамасының қатарынан Бауыржан Исламханды ерекше атап өтуге болады.

 

Бөлісу
Жоғары