БАҚ өкілдері арасында футболдан «Кhabar Cup – 2018» турнирі өтті

БАҚ өкілдері арасында футболдан «Кhabar Cup – 2018» турнирі өтті

23 қазан 2018, 15:42
«Хабар» агенттігінің 23 жылдығына орай мини-футболдан баспасөз қызметкерлері арасында жарыс өтті.

Биылғы бәсеке халық жазушысы Шерхан Мұртазаны еске алуға арналды. Шағын футбол турнирінде 16 команда жарысқа түсті. Олар 4 топқа бөлініп, ойын көрсетті. Көпшілік «Хабардың» дәстүрлі турнирін көптен күтті. Сондықтан болар, өңірлерден – Тараз, Петропавл, Талдықорғаннан командалар келді.

Талдықорғандық «Тұран» командасының ойыншылары шешуші сында «хабарлықтарды» 5:1 есебімен жеңіп, жеңіс тұғырынан көрінді. Үшінші орын Тараздан келген ұжымға бұйырды.

Қайрат Нұрдәулетов, Ұлттық құрама бас бапкерінің көмекшісі:

– Бұл турнирге бірінші рет келуім емес. Жігіттер алдында техника, тактика жағынан осал болған. Ал қазір дайындалып келгендері көрініп тұр. Турнир жалғаса берсін.

Бөлісу
Жоғары