Қазақстан футбол федерациясының Техникалық орталығы агрономдарға арналған семинар өткізеді

Қазақстан футбол федерациясының Техникалық орталығы агрономдарға арналған семинар өткізеді

05 қараша 2018, 09:32
Қазақстандық клубтардың жасыл алаңға жауап беретін мамандары Талғарда жиналады.

Семинар 2018 жылдың 26-27 қараша күндері «Талғар»  оқу-жаттығу базасында өтеді.

Қазақстандық клубтардың жасыл алаңға жауап беретін мамандарын оқыту Қазақстан футбол федерациясының стратегиясын жүзеге асыру жобасында ұйымдастырылып отыр. 

Шараға қатысуға ниетті футбол клубтарының өкілдері 20 қарашаға дейін өтініштерін techcentre@kff.kz электронды поштасына жіберуі тиіс. 

Толығырақ: 8 701 508 70 74

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары