Футзалдан Еуропа Чемпионатына қатысатын 19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасының қарсыластары анықталды

Футзалдан Еуропа Чемпионатына қатысатын 19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасының қарсыластары анықталды

02 қараша, 15:45
Алғаш рет ұйымдастырылатын футзалдан 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында Еуропа Чемпионатының іріктеу кезеңінің жеребесі Швейцарияда тартылды.

Турнирге 35 құрама қатысады. Қазақстан U-19 құрамасы жарысты негізгі кезеңнен бастайды. 

Біздің құрама 1-топта Польша, Франция және Финляндия құрамаларымен ойнайды. Ойындар 2019 жылдың 26-31 наурызы аралығында Суоми елінде өтеді. 

 

 

Назарларыңызға жеребе қорытындысын ұснамыз:

Алдын-ала іріктеу кезеңінің жеребесі (21-26 қаңтар 2019 жыл):

«A» тобы: Черногория, Грекия, Литва, Андорра

«B» тобы: Швеция, Косово, Кипр, Сан-Марино

Топтық кезеңнің жеңімпаздары негізгі кезеңге өтеді. 

 

Негізгі кезеңнің жеребесі (26-31 наурыз 2019 жыл):

1-топ: Қазақстан, Польша, Франция, Финляндия (алаң иелері)

2-топ: Әзірбайжан, Словения (алаң иелері), Нидерланд, алдын-ала іріктеу кезеңіндегі «B» тобының жеңімпазы

3-топ: Португалия, Сербия, Босния және Герцеговина (алаң иелері), Молдова

4-топ: Украина, Румыния, Бельгия, Македония (алаң иелері)

5-топ: Испания, Венгрия, Грузия (алаң иелері), Түркия

6-топ: Ресей (алаң иелері), Чехия, Беларусь, алдын-ала іріктеу кезеңіндегі «А» тобының жеңімпазы

7-топ: Италия, Хорватия (алаң иелері), Словакия, Англия

Топтық кезеңнің жеті жеңімпазы Латвияда өтетін финалдық кезеңге қатысады. Шешуші бәсеке 2019 жылдың 8-14 қыркүйегі аралығында Ригада өтеді. 

 

Финалдық кезең (8-14 қыркүйек 2019 жыл)

Финалдық кезеңнің қатысушылары төрт командадан екі топқа бөлінеді. Әр топтың екі үздігі жартылай финалда жарысты жалғастырады. 

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары