Қазақстан - Латвия матчының билеттері онлайн сатылымға түсті 

Қазақстан - Латвия матчының билеттері онлайн сатылымға түсті 

29 қазан 2018, 11:41
Қазақстан футбол федерациясы УЕФА Ұлттар Лигасындағы Қазақстан мен Латвия ұлттық құрамалары арасындағы кездесудің билеттері онлайн сатылымға шыққанын хабарлайды.

Ойын 15 қараша күні елордадағы «Астана Арена» стадионында өтеді. Басталуы - 21:00.

Билеттерді www.ticketon.kz сайтынан сатып алуға болады. Билет құны 500-3000 теңге аралығында.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары