Футзал төрешілері сынақтан өтті

Футзал төрешілері сынақтан өтті

24 қазан, 16:35
Щучинск қаласында Қазақстан футбол федерациясының Төрелік ету және қадағалау департаменті футзалдан Қазақстан Чемпионатында қызмет атқаратын төрешілерге арналған оқу-жаттығу жиынын өткізді.

Оқу-жаттығу жиыны соңғы екі жылда екінші рет ұйымдастырылды. Жиынға қатысқан 14 төреші ФИФА және УЕФА талаптарына сәйкес дене даярлығы бойынша нормативтер тапсырды.

Қазіргі таңда төрешілердің дене даярылығы Қазақстан чемпионаты мен халықаралық жарыстардың ойынында қызмет атқару талаптарына толықтай сай емес. Төрешілерге кәсібиі біліктілігін дәлелдеу үшін сынақты қайта тапсырады.

Алдағы маусымда он төрт төрешінің үшеуі халықаралық турнирлердің ойындарына тағайындалуы мүмкін.

Бөлісу
Жоғары