Станимир Стоилов: «Латвиямен алғашқы тайм турнирдегі ең жақсы ойын болды»

Станимир Стоилов: «Латвиямен алғашқы тайм турнирдегі ең жақсы ойын болды»

16 қараша, 02:07
Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері Станимир Стоилов Латвиямен өткен ойыннан кейін журналистердің сауалдарына жауап берді:

- Бүгін қызықты ойын болды деп санаймын. Біздің команда жақсы ойнады. Алғашқы таймда ойынның ырғағы жоғары болды. Гол соғатын сәттер көп болды. Санын айта алмаймын. Көптеген футболшылар жеке шеберліктерін көрсете алмады. Шабуылды түйіндей алмадық. Тағы да стандарттан гол жібердік. Он минуттан кейін ойынға қайта оралдық. Екінші таймда басымдықты қолға алдық. Алайда, соңында футболшылар шаршады. Жақсы ойын болды. Дегенмен, біз күткен нәтиже емес. Ұлттар Лигасында жолымыз болмады.

- Зайнутдинов пен Логвиненконың бүгінгі ойынына баға беріп өтсеңіз?

- Зайнутдинов өз клубында қапталда ойнауға мәжбүр. Өйткені, Шомко жарақат алды. Одан көп нәрсені талап етудің қажеті жоқ. Ойын сайын голып, команданы өрге сүйрейді деп күтуге болмайды. Жас футболшы. Әрі қарай жұмыс істеуі керек. Командаға шақырылған барлық жас футболшылар өсуі шарт.

Логвиненко толық ойнап шығады деп күтпедім. Өйткені, ол бір ай ойнамады. Жарақатына байланысты жасыл алаңға шықпай жүрді.

- Қазақстан бірінші таймда баяу қимылдағандай... Не ойлайсыз?

- Алғашқы таймда турнирдегі ең жақсы ойын болды. Гол соғатын сәттер жеткілікті еді. Алайда, шабуылды аяқтай алмадық. Есептің 3:0 немесе 4:0 болуы да ықтимал болатын. Мұндай ойынды күтпедім. Футбол жылдамдығы артып келеді. Алайда, нәтижеге көңіліміз толмайды. Біздің футболшылар өз орындарын тез жоғалтады. Мәселен, Тұрысбек Андоррамен жақсы ойнады. Өз клубында жылдамдығын арттыруға кеңес береміз. Сол кезде біздің құрама күшейе түседі.

- Біздің құрама шамамен 30 шақты соққыны қақпаға бағыттады. Олардың басым бөлігі қақпаға тура бармады. Біздің ойыншылардың шеберлігі осы ма?

- Матч алдында футболшылардан жиі соққы бағыттауды сұрадым. Өйткені, қақпаға доп теппесең, гол соға алмайсың. Статистика бойынша 27-28 соққы болған сияқты...

- 29 соққы!

- Иә, шабуылда сенімді ойнау қажет. Біздің футболшылардың шеберлігі бар. Алайда, өз күштеріне сене білуі тиіс. Ол уақытты қажет етеді.

- Қазақстан құрамасы қаншалықты Бауыржан Исламханның көңіліне байланысты ойнайды?

- Ұлттық құраманың ойыны Бауыржан Исламханға тәуелді. Өйткені, ол команданың көшбасшысы. Ол бұрын голдарды оңай соғатын. Бүгін көп жерде мүлт кетті. Бауыржанның мінезі бар. Сол себепті ол бұрынғы деңгейіне қайта орала алады. Бүгін бірінші тайма керемет ойнады. Жолы болғанда үш голдай соғатын еді. Оның көрсеткен ойыны жоғары бағаға лайық. Барлық футболшылар Бауыржандай ойнасын деп тілеймін!

Бөлісу
Жоғары