Роман Муртазаев: «Ертең ойынды ұту қажет»

Роман Муртазаев: «Ертең ойынды ұту қажет»

14 қараша, 17:02
Қазақстан Ұлттық құрамасының шабуылшысы Роман Муртазаев матч алдындағы баспасөз мәслихатында журналистердің сауалдарына жауап берді:

- УЕФА Ұлттар Лигасы аясында өтетін өз алаңымыздағы соңғы ойыннан не күтесіз?

- Біз тек жиналған жоқпыз. Қазақстан құрамасы – біздің басты командамыз. Алға қойылған мақсаттарды орындауды қалаймыз. Ертең ойынды ұту қажет.

- Латвия құрамасының ерекшелігі неде?

- Латвия құрамасы соңғы уақытта жақсы ойын көрсетіп келеді. Ешкімнен қорықпайды. Қазақстанмен өтетін ойында өз жоспары бар. Біздің басымдық – жанкүйерлердің қолдауы. Жанкүйерлерді жерге қаратпау үшін жақсы ойын көрсетуге ұмтыламыз.

- Қазақстан құрамасында бірнеше жылдан бері ойнап келе жатырсыз. Жақыннан бері жас футболшылар шақырыла бастады. Команда оларды қалай қарсы алады?

- Бас бапкер Станимир Стоиловтің шақыруымен жас футболшылар жылдың басынан бері команда қатарына қосылды. Олар құрамаға қажет деп санаймын. Алайда, үлкен-жас деп ешқашан бөлінбейміз. Оның үстіне ойынға қойылған жоспар барлығымызға бірдей. Жанкүйерлер жақсы ойын тамашалап, шат-шадыман болғанын қалаймыз.

Бөлісу
Жоғары