Қазақстан құрамасында өзгерістер

Қазақстан құрамасында өзгерістер

16 қараша 2018, 19:21
Қазақстан Ұлттық құрамасының тізіміне өзгерістер енгізілді.

Жаттықтырушылар штабы басқа ойыншылардың мүмкіндігін бағалау мақсатында Бауыржан Исламхан, Георгий Жуков және Ненад Эричке демалыс берді.

Ұлттық құрамаға қосалқы тізімнен екі футболшы шақырылды: жартылай қорғаушы Юрий Перцух («Атырау») және шабуылшы Оралхан Өміртаев («Шахтер»). Сонымен қатар, қызылордалық «Қайсардың» қақпашысы  Марсель Исламқұлов та шақырту алды.

Қазақстан құрамасы келесі ойынын 19 қараша күні сырт алаңда Грузия құрамасымен өткізеді.

Бөлісу
Жоғары