Футзалдан Қазақстан Кубогының финалында «Аят» пен «Ақтөбе» ойнайды

Футзалдан Қазақстан Кубогының финалында «Аят» пен «Ақтөбе» ойнайды

21 желтоқсан 2018, 09:28
Футзалдан Қазақстан Кубогының жартылай финалының ойындары аяқталды.

Алғашқы жартылай финалда Рудный қаласының «Аят» командасы қосымша уақытта талдықорғандық «Жетісуден» 3:2 есебімен басым түсті. Екінші жартылай финалда «Ақтөбе» ойыншылары алматылық «Қайратты» жарыс жолынан шығарып, сенсация жасады. Жеңімпаз матч соңындағы пенальти сериясында анықталды. 

 

21 желтоқсан

Жартылай финал

«Жетісу» – «Аят» - 2:3 қ.у. (1:0, 1:1, 2:2)

Голдар: Эвертон 15, 43 – Азат Валиуллин 28, 50, Ұлан Жақсылықов 42

 

«Қайрат» – «Ақтөбе» - 2:2, 5:6 п.с. (0:1, 2:2)

Голдар: Шыңғыс Есенаманов 23, 26 – Алан 6, Евгений Валенко 29

 

Бүгін өтетін финалда «Аят» пен  «Ақтөбе» ойнайтын болды. 

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары